Жаңа жыл – таңғажайып сиқырлықтың мерекесі. №4 мектеп-интернатының балалары да оны тағатсыздықпен күтті, себебі балалар ертегіге сенеді ғой, таңғажайып оқиғалар болса екен дейді. Жаңа жыл қарсаңында ата-ананың қамқорынсыз қалған 20 жетім бала үлкен оқиғалардың куәсі болды. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Боулингте еркінше ойнады, ойын автоматтары, би алаңында би билеу, батутта секіру, лабиринтке шығу үлестеріне тиді, бұл осымен аяқталған жоқ: балаларды жомарттықпен жасалған дастарқан күтіп тұрды, олар еркінше тағамдар, өздерінің жақсы көретін балмұздақтарын жеді. Жаңа жыл қарсаңында балалар ерекше әсер алды. Тосынсыйлар мұнымен біткен жоқ. Әрбір тәрбиеленуші Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алды. Мұндай тамаша мерекелерді ЖШС «Балқаш-ЛАД», «Қорғау қызмет» қызметкерлері, «Казахмыс» корпорациясының колледж студенттері мен оқытушылары, директор Сыздыкова Айгүл Шаяхметқызы ұйымдастырды. Сіздердің жақсылықтарыңыз үшін балалардан үлкен алғыс және бақытты күлкі сыйлаймыз! Сіздерге үлкен рахмет!

