2010 мектептегі ең басты жаңалық – соғыс және еңбек даңқы мұражайының ашылуы болды.Жаңа үлгідеші дизайнмен жасалғанбөлме, этнография залының өзіндік өрнегі, бөлімдер бойыншажинақталған материалдар ешкімді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Мұражай жасаудағы, материал жинаудағы қиын кезеңдер, ұйқысыз түндер , үлкендер мен балалардың, ата-аналардың ерен еңбектері арттта қалды.Бұл бүгін тек мұражай заттарының қоры емес, керісінше, азаматтық-патриоттық –және рухани –адамгершілік тәрбиенің міндеттерін шешетін оқу-тәрбиенің үлкен кеңістігі. Мұражай өлкетану және этнографиялық залдан тұрады, мұнда оқушылармен экскурсиялық –көпшілік жұмыстары, ардагерлермен және қоғамдық ұйымдармен қызметтестік, сынып сағаттары, әңгімелер өткізіледі. Мұражайдың төлқұжаты бар, оның жұмысын «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражай» мемлекеттік КГКП басқарады.Өткен жылы қазан айында мектеп ҰОС ардагерлерімен,Балқаш қаласының білім беру саласының ардагерлеріменжәне соғыс ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесудің ең сәтті жері мектеп мұражайына саяхат болды.Экскурсовод –мұғалімдер Тузова И.В мен Сахинова Ж.С. мектеп тарихы, біздің қаланың түзете білім беру көзі,ардагерлері және олардың шығармашылық жолы туралы, сондай-ақ, соңғы бірнеше жылдағы мектептің жеткен жетістіктері туралы айтып берді. Бұл спорттық жетістктер және іздестіру жұмыстарының нәтижесі,оқушылардың «Қазақстанның дәстүрлері мен тарихы», «Балқаш қаласының ескерткіштері» тақырыбындағы жобалар. Қонақтарға ,әсіресе,мектеп педагогтарының тірнектеп жинаған «Біздің қаланың тарихы» бөлімі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы мен Қазақстанның совет үкіметі кезеңдеріндегі бөлімі ұнады.Кездесу соңында директор Аубакирова А.М. ардагерлерге мектеп оқушыларының ағаш өңдеу сабағында жасаған сувенир-домбыраларын сыйға тартты. Балқаш қалалық ардагерлер кеңесі №4 мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымын Қазақстан туралы мұражайлар мен соғыс даңқы бұрыштарын құру жұмысындағы қызметтестігі үшін грамотамен марапаттады. Балқаштың 75 –жылдығына орай өткізілген қоғамдық мұражайлар байқауында №4 мектеп-интернат мұражайы қала мектептері мұражайлары арасында 2 орынды иеленді.Алғыс хатта №4 мектеп-интернат мұражайы өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке, патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеудің тиімд құралы деп атап көрсетілген.
Біздің мектептің қысқы бағы Мектепке саяхат бағдарламасының тиімді штрихтарының бірі- мектеп мұғалімдері мен тәрбиеленушілердің қолымен жасалған мектептің қысқы бағы.Бұл жасыл бұрышта тропикалық өсімдіктердің коллекциясы жинақталған: драцена, манстера, дифенбахия, калатея,сингониум, юкко, замиокалькас және т.б. Тас бойымен сылдырлап аққан сарқырама адамға жаңа рухани қуат беріп, күш жинауға әсер етеді. Қысқы бақ -біздің мектептің мақтанышы. Үйірмеші-гүлөсірушілер жетекшілері Л.А. Орловамен бірге жыл бойына гүлдерді күтіп, тропикалық өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.Тіпті,гүлдер де, қамқорлықты сезініп, қыста да гүлдеп, көрушілерге қуаныш сыйлайды.
|

