| 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысында инклюзивтік білім бойынша дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп –интернатта «Дамуы шектелген балаларға инклюзивтік білімді жүзеге асыру жағдайындағы жалпы білім мен арнайы білімнің өзара байланысы» тақырыбында семинар-практикум болып өтті.Семинарды ұйымдастырушы Қарағанды облысы білім Басқармасының ОӘБДО (УМЦРО)әдіскері Золотюк М.Е.
Семинарға қалалық білім бөлімі бастығы Ағдарбекова Г.Ж. қолдау көрсетті. Облыстық семинарға Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскерлері мен мамандары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, балабақшалардың, балалар үйінің директорлары қатысты. Семинарда дамуы шектелген балалардың жалпы білім беретін ортаға арнайы спецификасын есепке ала отырып,кіріктірілуі туралы сұрақтар қарастырылды;ерекше балаларды әлеуметке қосуды практикада жүзеге асыру жүйесіне байланысты бірнеше жалпы білім беретін мекемелердің тиімді қызметтестік моделі зерттелді: «Балабақша- Орталық- Мектеп». Мұндай өзара байланысты құру ұйымдарының бірі болып, қаладағы №4 мектеп-интернат ,директоры Аубакирова А.М.,инклюзивтік білім беруді қолдау Орталығы болып табылады. Семинарда Орталық қызметінің мазмұнымен, мектеп-интернат түлектерін кәсіби біліммен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу-инклюзивтік білімді жүзеге асырудың бір бағыты екендігімен таныстырды.Семинардың тыңдаушылары топта жұмыс істей отырып, инклюзивтік білім туралы көкейкесті сұрақтарды талдауға,оқытудың өзекті әдістемесін практика жүзінде меңгеруге белсене қатысты.Семинар қызықты, өнімді және ширақ өтті.
|


