| «Дамуы шектелген балаларға арналған №4 ОАМИ» КММ-деқамқоршылық кеңесі екінші жыл жұмыс істейді. 2017-2018 оқу жылында білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің2017ж. 27 шілдеден № 355 бұйрығы бойынша қайта сайланды. Қамқоршылық кеңестің құрамы 9 адамнан тұрады: әлеуметтік серіктес өкілі -2, «Сары қазна» ЖШС- мектептің демеушілік ұйымының өкілі, Р.Қошқарбаев атындағы БТК өкілі және әртүрлі саладағы ата-аналар. Қамқоршылық кеңес өзінің құрамын және жылдық жоспарын жасап, бекітті. Қамқоршылық кеңес мектеп директорымен бірге мектепке экскурсия жасады. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің материалдық базасымен, интернатта қонатын балалардың тұрмыс-тіршілігімен, санитарлық жағдайларымен, оқу кабинеттерінің, теледидар, ойын, жатын бөлмелерінің жағдайларымен танысты. ҚҚ мүшелері мектеп-интернат оқушыларының тұрмысы мен оқуы үшін жасалған жағдайларға риза болды. Ата-внвлвр комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері мектепте өткізілетін барлық іс-шаралардың көрермені. Олар «Туған күн», «Мүгедектер күні», «Қамқорлық күні», «Ашық есік күні» және т.б. мерекелерді үнемі тамашалайды, сондай-ақ, «Ата-аналар мектебі» жұмысының дәрістерін ынталанып тфңдайды. Сынып сағаттарына, мектепішілік және облыстық – «онлайн» жиналыстарына белсенді қатысады. ҚҚ биылғы жылы жөндеу жұмысынан кейінгі қалған мектеп жанындағы жолға құм төгіп, шығарылған блоктармен плиталарды тасуға көмектесті. ҚҚ мүшелері –«Сары қазна» ЖШС мұқтаж5 отбасы балаларын жалпы сомасы 131050тг болатын меткеп формасымен, қажетті киімдер, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Біздің демеушіміз мектеп-интернат балаларын жалпы сомасы 300000тг болатын дәстүрлі жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз етті.
«Сары қазна» демеушінің арқасында мектеп ауласына жылыжай орнатылып, оқушылар үшін ауылшаруашылық еңбегін өткізуге жағдай жасалды. Өткен жылы оқушылардың серуендеу мен мектеп жанындағы жазғы лагерьде демалушылар үшін шатырша мен орындықтар орнатылды. ҚҚ мүшелері қалалық мешіттің атынан ақыл-ой орташа дамыған балалар үшін аймақтарды бөлу мен демалуға арналған 5 кілем сыйлады. Сонымен бірге жеке кәсіпкер Широчук мектеп-интернатқа қыздарға арналған 92 дана форма, 23 ақ фартук, 113 дана қара фартук сыйлады. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары К.Кусаинова |