Жаңалықтар

Толғанайдың жеңісі!

27 наурыз күні Алматы қаласында «Шеврон» корпорациясының қаржылай қолдауының «Жастар жетістігі» альтернативті білім беру Орталығымен бірлескен ҚР ғылым және білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  Республикалық «Экологиялық білімді дамыту бойынша балалардың бизнес-жобасы» байқауының  қорытындысы шықты. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге тарта жоба қатысып, соның 11ғана  өз жобаларын іске асыру үшін «Шеврон» компаниясынан 100 000теңге грантты ұтып алды.Осылардың ішінде Балқаш қаласындағы облыстық №4 арнайы мектеп-интернаттың 9»Б» сынып оқушысы Қашқынбаева Толғанай мұғалімі Кайшманова Алма Кожаевнаның жетекшілігімен жасаған «Фитотерапия-денсаулық негізі» жобасы үшін арнайы грантты ұтып алды.
Жарайсың, Толғанай!
Амерханова Лаура  Аяткановна
№4 мектеп-интернаты 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары