Біз туралы

Біз туралы

№10 арнайы мектеп-интернатының сипаттамасы

Ашылған жылы: 1974 жыл

Жалпы көлемі: 6087,7 шаршы. м

Мектеп алаңы: 6285,7 шаршы. м

Жоба қуаттылығы: 280 адам

Мектеп-интернат директорының м.а.: Садвокасова Ольга Константиновна

 

Изображение 060

Балқаш қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған № 1 қосалқы мектеп –интернат 1974 жылы Жезқазған қаласының облыстық білім беру бөлімінің 12.09.1974ж. № 652 бұйрығы негізінде ашылған.Қарағанды облысы білім Басқармасының 11.03.2010ж. №87 бұйрығымен қосалқы мектеп-интернат дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп — интернаты болып қайта аталды.Облыстық арнайы мектеп-интернат дамуы шектелген балаларды олардың дамуындағы кемшіліктерді білім беру құралдары және еңбекке дайындау, сондай-ақ, қоғамға кіріктірілуі үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту мақсатында түзетуді жүзеге асырады.

№ 4 мектеп-интернатта оқыту мерзімі -10 жыл.

2 этаптан тұрады:

1этап-бастауыш (дайындық (0), 1-4 сыныптар

2-этап –негізгі 5-9,10 сынып-өндірістік

2010-2015 жылдарға арналған мектептің Даму бағдарламасы 21.05.2010ж.облыстық БЖИ және МҚББҚҚД Экспертті кеңесімен және Қарағанды облыстық білім Басқармасының бастығы Е.Н.Иманғалиевпен бекітілген.

2011 жылы тереңдетілген кәсіби дайындық енгізіліп, 10 сынып-өндірістік сынып ашылды.Кәсіби еңбек сабақтары №2,4 ПЛ –да құрылысшы, балташы, тігінші, үй күтуші мамандықтары бойынша оқытылады.

2012-2013 оқу жылы бойынша мектепте 190 бала оқиды.

21-сынып-комплект бар, оның 10 сыныбы қазақ тілінде оқытылады, 11 сынып орыс тілінде оқытылады.Оның ішінде 4 сынып- ДТБ,2 сынып ақыл-есі орташа дамыған, 15 сынып ақыл-есі кем балалар.

Мектептің жұмыс тәртібі- 1-10 сыныптарға алты күндік оқу аптасы.

-Мектеп-интернаттың білім беру саясатының принциптері

-Түзете–дамыту бағытындағы білім;

-Оқушылардың жеке қызығушылықтарын ескеру;

-Білім беру кеңістігі субъектілерінің өзара айланысы ынтымақтастық педагогикасы арқылы жүзеге асырылады.Оқыту мен тәрбиелеудегіәрекет;

-Оқушылардың әр жас кезеңіндегі жеке тұлғасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;

-Мүмкіндігі шектелген балалардың әлеуметтік бейімделуі мен тұлғалық дамуы білімберу нәтижелерінің берілген жетістіктер алдындағы приоритеті.

-Арнайы (түзету) білімді қажет ететін баланың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

№4 мектеп-интернаттың жалпы ауданы-5119шаршы метр,сынып бөлмелері орналасқан ауданы -3634, жұмысқа арналған аудан -1190 шаршы метр.Мектепте типтік спортзалы бар, ауданы-473,2 шаршы метр.

Ауданы 231 шаршы метр асхана, 6 орындықты 54 шаршы метр оқу залымен бірге кітапхана бар.Мектеп –интернаттың сабағы бір кезекте өткізіледі, оқу кабинеттері, спорт залы, кітапхана, асхананың жүктелуі 100% құрайды.

Мектеп-интернаттың оқу- тәрбие үрдісі ҚР «Білім туралы» Заңының 37 бабына сәйкес оқушылардың денсаулығын ескере отырып, жүзеге асырылады, осыған байланысты аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту,салауатты өмір салтын, денешынықтыруды іске асыру шаралары жүргізіледі.

Мектеп санитарлық –гигиеналық талаптарды сақтайды,Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен 30.12.2011 №1684 бұйрыққа сәйкес СНмен Е сақталады.№4мектеп-интернатының медициналық блогы белсенді жұмыс жасайды.

Қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері сақталады.

Мектеп-интернат ыңайлы ғимаратта орналасқан, орталық жылу жүйесі, электрлік жарықтандыру,суық су және ыстық сумен жабдықтау,канализация, акт залы, хореографиялық жаттығуларға арналған тұғырлы ырғақ кабинеті бар.

№4 мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 25.02.04.жылғы № 134 «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім ұйымын материалды-теникалық және оқу -әдістемелік жабдықтаудың міндетті талаптары туралы» талапқа сәйкес жабдықталған.

Мектеп-интернат 23 жабдықталған кабинеті, 3 ағаш өңдеу шееберханасы, 3 тігін ісі шеберханасы, бір сылақ-сырлау шеберханасы, түзету сабақтарына арналған сенсорлық бөлмесі, 7,8,9 сыныптарға факультативтік сабақ өткізетін 7 заманауи компьютермен жабдықталған компьютерлік сынып бөлмесі бар.Мектеп Megaline бағдарламасына қосылған, Интернетте өз сайты бар.

Сыныптан тыс жұмыстарды,оқушылардың бос уақытын заманауи деңгейде ұйымдастыру үшін күшейткішті музыкалық аппаратура,оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу үшін (7 дана) мультиймедиялық экран және (7 дана) проектор бар.

2009-2010 оқу жылы бойынша қазақ тілі, бастауыш сынып, математика,отантану кабинеттері және кітапхана қайта жабдықталды. Азаматтық-патриоттық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында еңбек және ерлік даңқы мұражайы ашылды.

2010-2011 оқу жылында акт залына еврожөндеу жүргізілді, қысқы бақ ашылды, мектептің медициналық блогы медициналық шкафтармен, шина-9д, лоток-2,БИКС-1,жгут-3,грелка-2,термометр үшін ыдыс-1, фонодоскоп, мед.қайшы-2,мед. қысқаш-1,универсалды балалар оправасы-1,Ромме кестесі-1,тонометр және гигрометр-2 толықтырылды.Тігін ісі шеберханасына заманауи электрлі тігін машинкасы-10, және 2 қайығы алынды. 2,3,5 қабаттағы сантехникалық жүйеге автомат кір жуғыш машинасы орнатылды. СанПИН-нің талабы бойынша барлық сантехникалық жүйеге жеке кабиналар мен писсуарлар қойылды.Мектеп асханасына 6 дана қол кептіргіш орнатылды.2011-12 оқу жылында мектептің ауласы жаңартылды. Спортзалдың жылу жүйесі ауыстырылды. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіүшін ғимарат ішінде және мектеп ауласында бейнебақылау орнатылды.»Ақжүрек» қайырымдылық қор акциясы ойын бөлмесіне ЖК телевизор, бейне камера, сандық фотоаппарат .берді

Түзету сабақтары психология, сенсорлық бөлме, логопедия, ЛФК, коррекция кабинеттерінде жүргізіледі.ЛФК кабинеті-«Прыжок» балалар баутымен, -«Кузнечик» ойын топтамасымен, «Островок» құрастырмасымен, заманауи тренажерлермен жабдықталған.Логопедия кабинетінде «Дельфа» тренажері бар.Сенсорлық бөлме-бұл, ерекше ұйымдастырылған орта, ол балаға әсер ететін түрлі стимуляторлардан тұрады. Стимуляция арқылы ОЖЖ, ми белсенділігі артады. Мүмкіндігі шектелген балалардың қауіпсіздігі үшін және қолайлы болу үшін жұмсақ еден мен қабырға жасалған және қауіпті заттар алынып тасталған.

Сабақтан алған білімдерін бекіту мен кеңейту үшін кабинет ОТҚ-мен, оқу-көрнекілік нұсқаулармен,анықтама және көркем әдебиеттермен, жұмыс стенділермен жбдықталған.Кабинетте жинақталған материал педагогтың кәсіби шеберлігін көтеруге көмектеседі. Кабинеттің директор бекіткен құжаты бар және рұқсат акты бар.

Оқу кабинеттері, шеберханалар қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес жабдықталған және келесі құралдар – жабдықтармен қамтамасыз етілген:электрлі тігін машина-10, қайық-2, аяқ тігін машинасы-22,бұрғылау қондырғысы-1, едендік бұрғылау қондырғысы-1,ағаш аралау қондырғысы-1, металлкесу қондырғысы-2,фрезерлік қондырғы-2,қайрау қондырғысы—2,екі дискілі қайрау қондырғысы-1,ағаш аралау қондырғысы-2,электрлі қайрақ-2, түрлі-түсті теледидарлар-10,бейнеплеер-2,компьютер-35,принтер-12,проектор-7,факс-1,сканер-1, бейне камера-2,ДВД-2,музыкалық орталық-2.

№4 ОАМИ кітапханасының ауданы -54м2, кітап қоры 24376 дана, оның ішінде оқулықтар -9171дана, 4463-і жаңа буын оқулықтары.

Мектептің спорттық базасы спортзалдан, екі киім шешінетін орны және душынан тұрады,мектеп ауласында спорттық және ойын алаңқайлары,кедергілер жолағы бар.

Мектеп ауласында волейбол алаңы, кедергілер мен балалар аймағы бар. Мектепте машина қоятын автотұрақ және микроавтобус ГАЗЕЛЬ-322132-0288жұмыс жағдайында.

Заманауи стандарт талабына сәйкес жабдықталған 2 логопедия кабинеті, психология кабинеті,коррекция кабинеті, сенсорлық бөлме жұмыс істейді.

Сенсорлық бөлме-баланың сезім органдарына әсер ететін ,әртүрлі стимулятордан тұратын, ерекше арнайы орта.Стимулятор арқылы орталық нерв жүйесі мен ми қызметінің белсенділігі артады.Қауіпті заттардың болмауы, жұмсақ еден мен қабырға мүмкіндігі шектелген балалардың қозғалыс кезінде қауіпсіздігін сездіріп, ыңғайлы жағдай жасайды.

Біздің сенсорлық бөлме әртүрлі құралдардан тұрады:

1.Жұмсақ орта -маттар,пуфиктер, жастықшалар, түйіршікті трапециялар;

2.Көру және музыкалы орта- музыкалық орталық, түрлі түсті проетор, жұлдызды панно, айналы шар, жұлдызды жол мен жұлдызды тор;

3.Тактильді орта-құрғақ душ, түйіршікті құрғақ бассейн, сенсорлық соқпақ;

4.Иісті орта-аромотерапияға арналған қондырғы.

Мектептегі емдік-алдын алу және санитарлық-гигиеналық жұмысты жүргізу үшін медициналық блок жабдықталған:

Балаларды медициналық тексеруден өткізу кабинеті, 2 оңашалау бөлмесі, егу бөлмесі.

Тәрбиеленушілердің үйдің жылылығын, қолайлылықты сезіну үшін 3-4 балаға арналған жатын бөлмелері бар, олар гүлдермен безендірілген және оқушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, жексенбілік демалысы үшін бөлме жабдықталған, онда сюжетті рольдік ойындар үшін «Дүкен», «Шаштараз», «Дәріхана», «Тұрақ», «Жолда жүру белгілері» орын алған.

Мектепте 280 орындық асхана бар, онда мұздатқыш камералары мен тоңазытқыш қондырғылары бар азық-түлік сақталатын қойма,жаңа әлектрлі пештер бар.

Санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес мектепте 2 душ кабинасы, қыздарға арналған гигиеналық бөлме, заманауи тұрмыстық техникамен жабдықталған кір жуатын бөлме бар.

Баланы қоғамға әлеуметтендіру үшін, оның қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын қалыптастыру үшін, моторика жетіспеушілігін түзету үшін, көру-қозғалыс бағдарын жүзеге асыру үшін мектепте «Шебер қолдар» шеберханасы жұмыс істейді.Тәрбиеленушілерді дербес өмірге дайындау мен оңалту үшін әлеуметтік-тұрмыстық бағдар кешені жұмыс істейді,ол тұрмыстық техникамен жабдықталған қонақ бөлме, жатын бөлме, ас үй блоктарынан тұрады.