Жаңалықтар

Оқыту және алда жүру

Біздің педагогикалық ұжым көптеген қызықты іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізіп отырады, соның бірі-жақында дамуы шектелген балаларға арналған №4 ОАМИ-да   болып өткен «Жыл мұғалімі -2013» байқауы.

«Жыл мұғалімі» байқауы – бұл мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерінің сайысы, өз педагогикалық стильдерін көрсету, педагогикалық шеберліктерін ашу, дәстүрдің ішінен жаңашасын  табу.

Байқауға әртүрлі жастағы және әртүрлі педагогикалық деңгейдегі 5 мұғалім Сулейменова А.О., Кусаинова К.Е., Ауельбекова Р.К., Тулеуова Л.Н., және Жумашкина А.К. қатысып, «Жыл мұғалімі» атағы үшін бар күш –жігерлері мен білімдерін сарп етті.

Алдыңғы кезеңдерде байқауға қатысушылар ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, сабақтарына өзіндік талдау жасады және жұмыс жүйесін портфолио түрінде көрсетті.

Қорытынды кезеңге, барлық педагогикалық ұжым көрермен ретінде қатысты, байқауға қатысушылар өз шеберліктерін төрт бөлім бойынша көрсетіп берді:

—         Таныстыру;

—         Жаңа формация мұғалімі;

—         Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы;

—         Мұғалім-жан-жақты тұлға.

Жаңа формация мұғалімінің  портретін жасауға әріптес-қолдау топтары көмектесті.

Әр сайыскер «Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы»сайысында өздерінің педагогикалық тапқырлықтары мен табыстары туралы айтып берді.

Сайыстың ең мәнді де маңызды тұсы  соңғы турда көрсетілді, мұнда олар тек педагог қана емес, қамқор ана, шебер шаруа иесі екендіктерін аспаздық өнерлерімен көрсете білді.

Байқау аяқталып, әділ қазылар алқасы жеңімпазды анықтады.

«Жыл мұғалімі 2013» атағын жоғары санатты, тәжірибелі ұстаз Кусаинова К.Е иеленді.Жас педагог ,  шығармашыл ұстаз Сулейменова А.О. «Жаңа формация мұғалімі» атағын алып,дипломмен марапатталды. Барлық сайскерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Байқау соңында әділқазылар төрайымы, мектеп директоры Аубакирова А.М. байқауға қатысушы сайыскерлерді жеңістерімен құттықтап, тілек сөз айтты: