Жаңалықтар

ЖИТС-пен күресу күніне арналған іс-шаралар апталығынан хабарлама

Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күніне арналған апталық іс-шаралар кітапханадағы «ЖИТС-өмірге қауіпті!» стендінің шығарылуымен ашылды.
Мектептің акт залында 7-10 сынып қыздарымен мектеп дәрігері Рахимжанова Ж.Т. кездесу өткізді, ол ЖИТС -пен аурудың, жастардың жыныстық қатынас ауруына щалдығудың басты себебі – қыздардың шалыс жүруі, тәртіпсіздігі, қауіпті жыныстық қатынаста болуы.

Ал керісінше, қыздардың қарапайым тәртібі, өз сезімдерін тежей білуі, дұрыс нақтылы моральдық принциппен өмір сүруі панацея деп аталады.
«Біз – дені сау ұрпақпыз!» митингі мектептің акт залында өтті. «Қара киімділер» жыл сайын жастар арасында көп тарап жатқан «ЖИТС» ауруын көрсетеді.

«Сен өз өміріңді өзің талғайсың!» атты ұранмен жасалған бимен жоғарғы сынып оқушылары өз өмірлерінің сауаттылығын, мықты жанұя, жақсы жұмыс,  өмір жолдарының дұрыс екендігін дәлелдеді. Үгіт бригадасы «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты насихат қойылымын көрсетті.
Сынып жетекшілері «ЖИТС- ғасыр ауруы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізді. Мектеп жоспары бойынша «Бәрі де ЖИТС туралы» тақырыбына дөңгелек стөл жүргізілді.

ЖИТС-пен күрес жөнінде сұрақтарды талқылау кезінде салауатты өмір орталығының өкілдері ВИЧ-ке шалығу жолдарына тоқталды. Іс-шара кезінде оқушыларға «Қауіпті ауру» видеоролигі көрсетілді.

Теннистен жарыс «Спорт – барлық аурудың дәрісі» ұранымен өтті.