Дорога в школу

Жақсылық жасап жарысайық

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету – басты міндет.

Осыған орай, 2024-2025 оқу жылында «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Жақсылық жасап жарысайық» ұранымен өткізілді. Аталмыш акцияның басты мақсаты — әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, оларға жыл бойы көмек көрсетілді. «Мектепке жол» Республикалық акциясы  жыл бойы жалғасын тауып, оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болды.

«Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілеріміз «Коунрад» корпоративтік қоры 4 балаға, «Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС  2 балаға мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киімдер және   кеңсе тауарлары ретінде көмек көрсетті.

 

“2025-2026 оқу жылында «Мектепке жол»

Республикалық  акциясы жалғасуда!

Халық банк акционерлік қоғамы әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға кеңселік тауарлармен толық жасақталған рюкзактар табыстады.
Балалардың қуанышын арттырып, қолдау көрсеткені үшін Халық банкінің ұжымына шын жүректен алғыс айтамыз! ??
Сіздердің қамқорлықтарыңыз – өскелең ұрпаққа үлкен демеу! ?

https://www.instagram.com/reel/DOISI43ifAB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

                                       

                                      ✨ Мектепке жол – ізгілікке бастар жол! ✨

Қайырымдылық акциясы аясында демеушілік көрсеткен “Коунрад” корпоративтік қорына шын жүректен алғыс айтамыз. ? Олардың қолдауы арқасында 3 көп балалы отбасынан шыққан оқушылар жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. ?? Балаларға қуаныш сыйлап, білім жолындағы қадамдарына демеу болғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз! ?
#МектепкеЖол #Қайырымдылық

https://www.instagram.com/p/DOLWXiWCkx_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==