Жаңалықтар

№10 арнайы мектеп интернатында ұстаздар

№10 арнайы мектеп интернатында ұстаздар, тәрбиешілер мен оқушылар арасында «Кітап ашу-әлемді ашу» деген тақырыпта тренинг өтті. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға қызығушылыған арттыру, кітап оқуды әдетке айналдыру. Ұстаздарға «Миға шабуыл» сұрақтары, «Бір сөзбен» әдісі қоланылды. Ұстаздар мен тәрбиешілер Қали М., Абильдина А.,Абилкасимова Ж., Кусбекова Г.,Кайпышева Г.ойларын ортаға салып, кітапты оқытуда әр ұстаз оқыған кітабы жайлы балаларға шабыттана, қызықтыра жеткізу деп түйіндесе , енді бірі, әр адам өз ризығына қанағаттанып қана қоймай , оны өзгеге де тиімді болуы керектігін пайымдады. Оқушылар да оқығанын, үйренгенін көрініс арқылы жеткізе білді. Барша ұстаз тренингтен өздеріне керек мағлұмат алды. Соңында « Мен оқыған,мен оқитын кітап» көрмесінен кітаптарды қарап қызықтады.

https://www.instagram.com/reel/DBUDGPcIzZx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==