Директордың ресми баяндамалары

О работе ЦСИО ОСШИ№4

Қарағанды облысы білім Басқармасы

«Дамуы шектелген балаларға арналған инклюзивтік білім беруді жүзеге асыру  жағдайындағы жалпы білім мен арнайы білімнің өзара әсері»

Инклюзивтік білімді сүйемелдеу Орталығы моделінің презентациясы

Жалпы білім беретін мектептер, мектепке

дейінгі мекемелер, колледждер басшыларына арналған семинар

Дамуы шектелген балаларға арналған

№4 ОАМИ директоры  А.М Аубакированың. сөйлеген сөзі

 

2013ж.

«Дамуы шектелген балаларға арналған инклюзивтік білім беруді жүзеге асыру  жағдайындағы жалпы білім мен арнайы білімнің өзара әсері»

Инклюзивтік білімді сүйемелдеу Орталығы моделінің презентациясы

 

Білім беру кеңістігін кеңейту идеясы, оған қабілеттері мен мүмкіндіктерінің,әлеуметтік жағдайлары мен мәдениет айырмашылығына қарамастан барлық балаларды енгізу, адамдық сана –сезімге батыл ену. Ұлттық білім беру  жүйесін дамытудың  негізгі бағдарының мақсаты, әр адамға тең мүмкіндік беру керектігін түсінетін білім ретінде, инклюзивтік білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді және әлеуметтенудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

слайд Инклюзивтік білім беру— бұл жалпы білім беруді дамыту үдерісі, ол ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға қол жетімді білімді қамтамасыз ететін, түрлі қажеттіліктерге бейімделетін балалар үшін, қолжетімді білім беру.

слайд (нормативті -құқықтық база)

Білімді тең деңгейде алу Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы» Заңы, «Дамуы шектелген балаларға әлеуметтік түзету және  медициналық-педагогикалық қолдау туралы», Қазақстан Республикасының инклюзивтік білімді дамыту Концепциясы, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасымен  бекітілген  Бағдарламада: «Барлық аймақтарда балаларға ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету мен түзету кабинеттері ашылады» делінген. 2015 жылға дейін  бұл жүйе 380-нен 540 бірлікке дейін өспек.

2015 жылға қарай қажетті нормативті-құқықтық база құрылады:

инклюзивтік білім беру шеңберінде жалпы білім мен арнайы білімнің өзара байланысу механизмі жасалады;

дамуы шектелген балаларға арналған кіріктірілген оқытудың модульдік бағдарламасы дайындалды;

дамуы шектелген балаларға арналған кіріктірілген оқытудың жалпы білім беру ортасындағы ережесі жасалды;

дамуы әртүрлі бұзылған балалар үшін кіріктірілу формалары анықталды.

2020 жылға қарай:

3030-дай мектептерде дамуы шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тең жағдайы (мектептерде педагог-дефектологтардың саны, балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, арнайы және жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) жасалады.

Инклюзивтік білім беру жағдайын жасаған мектептердің үлесінің артуы, барлық мектептердің 70%;

Мүгедек балаларға арналған «кедергісіз қолжетімді білім»жағдайын жасаған мектептердің үлесі, барлық мектептердің 20 %;

Инклюзивтік білім берумен қамтылған балалар үлесі, барлық дамуы шектелген балалардың -50%;

Қазақстан Республикасының инклюзивтік білімді дамыту сұрақтары қарастырылған  заңдылықтарын жүзеге асыру мақсатында, Қарағанды облысының білім Басқармасының бұйрығы негізінде дамуы шектелген балаларға арналған №4ОАМИ –де инклюзивтік білім беруді сүйемелдеу Орталығы құрылды.

Балқаш қаласының дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп-интернатындағы инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық орталығының тірек сызбасы

слайд

 

Инклюзивтік білім беруді сүйемелдеу Орталығы келесі мақсаттар мен міндеттерді қояды:

Слайд

Мақсаты:

Білім алуда ерекше әлеуметтік қажеттіліктерді талап ететін балаларды инклюзивті-білім беру кеңістігіне  сәтті кіріктіре алатын жағдайлар жасау.

Міндеттері:

·       Білім алуда ерекше әлеуметтік қажеттіліктерді талап ететін балалардың құқығы мен қызығушылықтарын қорғау, олардың психологиялық және физикалық дамуы мен жалпы білім алу ортасындағы оқыту қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және медициналық – әлеуметтік мәселелерді шешу.

·       Дамуы шектелген балаларды жалпы білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық қолдау және жеке бағыттарын жасау мақсатында диагностика нәтижелерін біліктілікпен оқып үйрену.

·       Білім үдерісіне қатысушы -оқушылар,педагогтар, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және медициналық – әлеуметтік білімдарлықтарын дамыту;

Жалпы білім беретін мектептер мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелер      педагогтары,қосымша білім беру педагогтары, өндірістік оқыту шеберлері мен инклюзивтік білім беру ұйымдарының  педагогтарының дайындық мазмұнын ғылыми-әдістемелік  қолдау.

·       Жалпы білім беретін мектептер мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелер      педагогтары,қосымша білім беру педагогтары, өндірістік оқыту шеберлері, ПТЛ, колледждер мен ЖОО-ның басшылары, ата-аналарға ағартушылық кеңестер жүргізу.

·       Көмек пен қолдаудан басқа спецификалық сүйемелдеу міндеттері, мониторинг, жобалау, эксперттеу.

·       Инклюзивтік білім беруді сүйемелдеу Орталығы келесі бағыттарда жұмыс істейді:

·       Слайд( ИБСО жұмыс бағыттары)

1.Ақпараттық-ағартушылық

2.Аналитикалық.

3.Түзету-педагогикалық.

Аталған кезеңдерде қажетті мемлекеттік қаржыландыру болмаған жағдайда, Инклюзивтік білім беруді сүйемелдеу Орталығы тек халық арасында,педагогтар мен ата-аналар арасында  кеңестік, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар ғана жүргізеді.

Бұл жұмыс инклюзивті білім беру ортасындағы барлық қатысушылар,, КАҚ, мемлекеттік және қоғамдық құрылым арасында төмендегі мақсаттарды іске асыру үшін тығыз байланыста болуын қажет етеді.

·       Қоғамның балаларды ерекшелігіне қарамай тең беделде қабылдауға дайындығы;

·       Көпшілікті ақпараттандыру құралдары мен білім беру веб-сайттарына инклюзивтік білім беру бағыттарының  негізгі мақсаттары мен міндеттері  туралы кең көлемде жазу.

·       Мектептегі және қоғамдағы толеранттылықты дамыту бойынша білім идеяларын қолдау.

·       Білім алуда ерекше әлеуметтік қажеттіліктерді талап ететін балалармен жұмыс істейтінББҰ мамандарымен бірге инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша ғылыми-әдістемелік өнімдер, бүктемелер, жаднамалар, жобалар дайындау.

·       Инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік құрылымдармен қызмет жасау (бос уақытты ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру және т.б.)

·       Қарағанды облыстық білім дамыту оқу-әдістемелік орталығының барлық қатысушыларына түрлі әдістемелік жұмыс формаларын ұйымдастыру(кеңестер, семинарлар, мастер-кластар, тренингтер және т.б)

·        Инклюзивтік білім беруді сүйемелдеу Орталығы  жұмысының жеке  бағыттарының бірі «ерекше» балалармен жұмыс істейтін мамандарды арнайы даярлау мен оқыту болып табылады. Педагогтарға, ата-аналарға арналған іс-шаралар жоспары жасалды, ол келесі тақырыптарды қамтиды:

·        Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін

Білім алуда ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалармен жұмыс.

Психикалық дамуы тежелген бала.

Дамуы шектелген балалармен оқу үдерісін ұйымдастыру.

Жалпы білім беретін мекемелерде инклюзивтік білім кеңістігінде мұғалімнің педагогикалық-психологиялық қолдау моделі.

Бірінші сынып оқушыларын  инклюзивтік сыныптарда оқытуға бейімделу жағдайын жасау.

Төменгі сынып оқушыларының  мотивациясы туралы.

Дамуы шектелген балалардың таным мүмкіндіктерін дамыту.

 

Мектепке дейінгі білім мекемелерінің ата-аналары үшін кеңес

·     ДЦП балалардың психофизикалық ерекшеліктері.

·     Сөйлеу тілін дамыту проблемалары және  оны шешу жолдары.

·     ДЦП баланың таным белсенділігін қалыптастыру.

·     Отбасы қатынасының психологиясы.

·     Баланың мектепке дайындығы.

·     Балаларды аман-сау өсірейік.

·     Өзіңе өзің көмектес.

·     Қарым-қатынас педагогикасы.

·     Бала өміріндегі ойынның ролі.

Тәрбиешілер үшін семинар-практикумдар.

*Баланы бақылау икемділіктері

* Түзету жұмысындағы дамыту ойындары.

* Қарым-қатынас сауаттылығы

* Психогимнастика құралдарымен эмоционалды сфераны түзету.

Орталық ДШБ арналған №4 ОАМИ –та «Балабақша-Мектеп» үздіксіз білім беру жүйесі моделін апробациялауды жоспарлап отыр. Бұл модель дамуы ерекше балаларды әлеуетке енгізудің практикалық жүйесін іске асыруға мүмкіндік береді, жай балалар сияқты, «ерекше»балаларға арналған оқыту мен дамыту бағдарламаларының  принциптері мен оқыту технологияларының үйлесімділігін жүзеге асырады.

Ол:

Инклюзивтік білім беруді дамыту стратегиясын аймақтар бойынша қамтамасыз ету және оны әдістемелік сүйемелдеу

Тікелей және білім берудің әр сатысында үнемі тәжірибе алмасу;

Инклюзивтік білім беруге қатысушы барлық педагогтар мен мамандарды қайта даярлау және тиімді әдістемелік сүйемелдеуді нақтылау;

— Инклюзивтік білім беруді сүйемелдеу Орталығы2010 жылдан бастап «Мектеп-интернат-ПЛ» моделі арқылы шешілетін арнайы негізгі білім мен кәсіптік-техникалық білімнің үйлесімділігі проблемасымен жұмыс істейді.

Аталған модель үйлесімді көпдеңгейлі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осы модель төңірегінде 10 сыныптардың тереңдетілген кәсіптік дайындығының бірлескен қызметінің келісімшарты жасалды.Осы проблемамен жұмыс істеуді бастағаннан кейін, мынадай ой түйдік:

10 сыныпты ашу мектеп түлектеріне неғұрлым терең білім алуға және ПЛ-ға бейімделу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді,сондай-ақ,мектеп бітіргеннен кейін кәсіптік училищелерге түсушілердің санын көбейтеді.

Кәсіптік –еңбек даярлығының мазмұнын қайта қарау мектеп түлектерін  жұмыспен қамтамасыз етуге және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.

Дамуы шектелген балалардың мектепте болу мерзімін созу олардың өзбетімен өмір сүруді бастауына әлеуметтік санасының өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі, сондай-ақ, арнайы білім беруде түзету мектептерінің 10 сыныптарына арналған  практикалық нұсқаулар нормативтерінің, ғылыми және оқу-әдістемелік сүйемкелдеудің жоқтығы  келесі жұмыстарды өткізудің қажеттілігін анықтады:

Еңбекке баулу салаларының оқу бағдарламаларын жасау;

Кәсіптік лицейлермен келісімшарт жасасу;ПЛ-ды таңдауда оқушылардың оқи алатын еңбек салалары есепке алынды.

Жаңа мекемеге бейімделу жағдайлары;

ПЛ ұжымы мен басшыларының қызметтес болуға даярлығы;

ПЛ ұсыныстарының еңбек нарығында сұранымдылығы:

Ізденістің нәтижесінде №2,4 кәсіптік лицейлермен келісімшарт жасалып, 10 сыныптардың оқу жоспарында қарастырылған еңбекке баулу пәнінің(24) сағаты бөлініп берілді.

№2,4 ПЛ-мен жасасқан келісімшарт негізінде 10сыныптар тереңдетілген кәсіптік-еңбек даярлығын аталған мекеменің өндірістік шеберханаларынан алады.

Дамуы шектелген.балалар өз құрдастарымен бірдей деңгейде ПЛ-да өткізілетін сыныптан тыс іс-шараларға қатысады.(Слайд)

Бағдарлама мазмұны педагогтармен оқушылар мүмкіндіктеріне қарай бейімделді.

Тігін ісі саласы бойынша оқу-дидактикалық кешенін Садикова Б.Е., сылақ-сырлау ісі Смык Н.С., ағаш өңдеу ісі Сидоров А.Ю.. кәсіптік лицей мамандарының  нұсқауларын ескере отырып құрастырды.

10сынып бойынша математика бағдарламасын ПЛ мұғалімдерінің ұсынысы бойынша жасап, ПЛ-да оқытылатын тақырыптар таңдалып алынды.

Аталған бағдарлама 21.05.2010 жылы БЖИ мен ББҚҚД Эксперттік Кеңесі бекіткен мектеп-интернаттың 2010-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасының қосымшасы болып табылады.

Мектепте 10 сынып оқушыларына психологиялық, медициналық, педагогикалық сүйемелдеу қатар жүргізіледі.

Өмірге қажетті еңбек дағдылары мен икемділіктеріне үйрету жұмыстары да бір сәт тоқтамайды..

ПЛ-ға түскен мектеп түлектерінің кәсіптік-еңбекке оқыту жағдайына бейімделуі туралы сауалнамаларына берілген жауаптар нәтижесі:

85% оқушыда училищедегі кәсіптік оқыту туралы түсінігі расталды;

60% оқушыға училищеде оқу қызықты;

13,3 % оқушы ПЛ-да оқуға қиналуда;

66,7оқуды одан әрі басқа оқу орындарында жалғастырғысы келеді.

66,7 училище бітіргеннен кейін мамандықтары бойынша жұмыс істей алатындықтарына сенімді.

.Осыған қарағанда, қиындық келтірсе де ,оқушыларға ПЛ-да оқу ұнайды.

. Қиналыстардың сипаты мынада: денсаулығында мүмкіндігі шектелген оқушылармен кәсіптік лицей мамандарының кеңес беру қажеттігі, екіншіден, мектептегі сабақ беру әдісінің басқа тәртіпке өзгеруі.

Келесі нәтижелерді айтуға болады:

Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша:

Интеллекті бұзылған балалардың 10 сыныбына арналған тереңдетілген кәсіптік-еңбек даярлығы бойынша оқу- әдістемелік жұмыс кешені қалыптасты.

Практика бойынша:

Мектеп түлектерінің кәсіптік училищелерге бейімделу мерзімі қысқарды.

Кәсіптік училищелерге түсіп, оқу барысында одан шығарылған түлектер жоқ.

Оқушылардың алғашқы еңбек даярлығы мамандығы шеңбері кеңейді.