12.10.2024ж. «Біздің есімдеріміз нені білдіреді?» танымдық іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларға өз есімдерінің шығу тегі мен мағынасын түсіндіру.
Тарихи,мәдени және этнографиялық деректерді қолдана отырып, есімдердің мәнін ашу.
Оқушылардың өзіндік ерекшеліктері мен даралығын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Есім әр адамның жеке басын танытатын ерекше белгісі ғана емес, оның тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір ата — ананың баласына есім таңдауда өзіндік себептері болады.
Іс -шарада,балалардың өздерінің есімдері туралы қысқаша қысқаша мағлұмат берілді. Балалар өздерінің портреттерін салды,астына есімдерін жазып.Сергіту сәтінде балалар би билеп,шармен ойын ойнады. Соңында балалар тәттілермен қуанды.Тәрбиеші:Қали М.Т.
https://www.instagram.com/reel/DBDd_Ifovch/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
