Новости

30.10.2024 жылы мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты педагогикалық кенес өткізілді

Мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Ұйымдастырушылар: ДТІЖО: Тастанбекова Г.Д. және тәрбиешілер бірлестігі. «Апта дәйексөздерін  пайдалана отырып сынып сағаттарында ұлттық құндылықты сіңіру» Ауельбекова Р.К,«Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде « Жасанды интеллект» технологиясын қолдану ерекшеліктері»Искакова З.Б, «Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып тәрбие сағаттарында ұлттық құндылықтарды дәріптеу» Садыкова К.С. , «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» Ибраева М.Р.  тақырыптарында баяндамалар  оқылды , білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы

құндылықтарды қалай енгізуге болатыны талқыланып,әдіс- тәсілдері түсіндірілді. Педагогикалық кенестің соңы ұлттық ойынымыз «Ақсүйек» ойынымен қорытындылады.

 

https://www.instagram.com/reel/DBxmqYYJtAq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==