Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құрылған “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен “Сапалы ұйқы, дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі” атты танымдық-ақпараттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 10 арнайы мектеп-интернатының дәрігері Айгул Сламкуловна қатысып ата-аналарға тақырып бойынша ақпараттар мен кеңестер беріп өтті. Сонымен қатар ата-аналар өздерінің пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Қызықты ойындар ойналып жиналыс өз дәрежесінде өте жақсы өтті.
https://www.instagram.com/reel/DCx8G7TJS2d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
