Архив новостей

Ұстаз фильм

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген «Ұстаз» атты фильмін біздің мектеп- интернатының оқушылары мен ұстаздары тамашалады. Туындыда өз ауылына қайтып ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Жас маман балалардың білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі тәсіл қолданады. Оқушылардың арман-мақсатқа жетуіне шабыттандырады. Фильмнің мақсаты – қоғамдағы педагог мәртебесін өсіру.

Пікірлер:

Есенкулова А.А., дефектолог:

Бұл фильмде білім саласындағы қалыптасқан жүйе көрсетілген, бар жауапкершілікті өзіне алған жас маманның еңбегі ақталып, оқушылары ҰБТ-ны жақсы тапсырды. Ұстаз деген атқа лайықты маман екеніне басында сенбеген жанында жүрген педагогтар мойындады.

Сапарбекова Г.Д., жас маман:

Маған балалармен жұмыс жасау оңай емес. Бір бала тұйық болады. Біреуі өнерге-білімге құштар болады. Ұстаз мамандығын қандай қиын екенін түсінемін. Актерлер  өз рөлдерін керемет сомдаған, кейіпкерлердің мінезі толығымен жеткізілген, олардың жеткен жетістіктері қуаныш әрі мақтаныш сезімін сыйлайды.

Мухамеджаров Санжар., 8 «б» сынып оқушысы:

Өте әсерлі фильм. Түрлі тақырыптарды қамтиды: жалғыздық, түсініспеушілік, қатыгездік, мейірімділік, ата-ананың жатырқауы. Фильмде өз баласын тыңдамайтын, естімейтін, түсінбейтін, тәрбиелемейтін ата-аналарға жаңадан арнайы талаптар қойылу керектігі айтылады. Фильм драма стилінде болғанымен, бір оқушысының өлімі көрсетілгенімен, бас кейіпкердің ойлары ауыр болғанымен, үміт сыйлайды. Әлемде жақсы ұстаздар мен адамдардың барына үміт бар.

https://www.instagram.com/p/DDylFNfqAck/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==