10 арнайы мектеп- интернатында 18.12.24 — 24.12.24 күндер аралығында қазақ сыныптар мұғалімдері арасында пәндік ашық сабақтар апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық технологияларды, озық педагогикалық идеяларды пайдалану, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзете- дамыту жұмыстарына жаңа тәсілдер қолдану.Қазақ сыныптар апталығы шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өтіп, жоғары нәтижелер көрсетті.
