Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ,мектебіміздің “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен “Отбасылық үйлесімділіктің кілті — сенімді қарым-қатынас” атты ата-аналарға арналған іс-шарамыз өтті. Бұл іс-шарада ата-аналар 2 топқа бөлініп отбасындағы үйлесімділік жайында, бала мен ата-ананың арасында сенімді қарым-қатынасты қалай құруға болатындығы туралы пікірталасып, өз ойларын ортаға салды. Сол тақырыпта постер қорғап, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Арасында сергіту сәті орын алды. Сонымен қатар мектеп психологы ата-аналарға тренинг өткізді. Мектеппен тығыз қарым-қатынас орната отыра, баланың мектептігі өміріне белсене араласатын ата-аналарымызға алғыс айтамыз!
https://www.instagram.com/reel/DGC38naJa79/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
