1.02.23. 10 арнайы мектеп — интернатында «Жол ережелеріне саяхат»тақырыбында тәрбиеші Ибраева М.Р. 3Б сыныбымен,оқушылардың жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен танысып,жолда жүру ережелерін мұқият сақтауға,жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар жол ережелеріне саяхат жасап,әр түрлі тапсырмаларды қызыға орындады.Жол белгілерімен танысып,сұрақ- жауап жүргізілді.Жапсырмалы ойында көлік түрлерін ажыратты,жолдан өту үшін жол белгілерін қойып,жаяу жүргіншілер өтетін жолақтарды жасады.»Жолда жүру ережесі»тақырыбындағы лепбук тапсырмаларын орындады.


