Архив новостей

“Балаға басқалардың сезімін түсінуді қалай үйретуге болады?”

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Балаға басқалардың сезімін түсінуді қалай үйретуге болады?” тақырыбында аналармен интерактивті кездесу өтті. Кездесу барысында балаға басқалардың сезімін қалай түсіндіруге болатыны жайында психологиялық-педагогикалық кеңестер беріліп, ата-аналар да өз ойларын ортаға салды. Сол тақырыпта постер қорғап, өздерін баланың орнына қойып, “Ана мен бала” диалогын ұйымдастырды. Кездесу соңында өздерінің бүгінгі күннен алған өз эмоцияларымен бөлісті.

https://www.instagram.com/reel/DHSiDyRJ-_V/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==