Архив новостей

14.05.2025 жылы «№ 10 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің мектеп логопеді Тусупова Г.А. ұйымдастыруымен «Әдемі, көркем сөйлейік» атты ертеңгілігі өткізілді.

Мақсаты: «Әдемі, көркем сөйлейік!» атты ертеңгілігі арқылы оқушылардың ойы дамып, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Оқушылардың  тілін одан әрі өрбітіп, ойы мен қиялын шарықтатып, тапқырлыққа баулып, зейінін, ой  –өрісін, сөздік қорын, ойлау, есте сақтау белсенділігін дамыту. Сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету сабағынан «Әдемі, көркем сөйлейік!» атты ертеңгілігі торсықтардың берілген тапсырмасын орындау арқылы, оқушылар өздерінің білімдері мен өнерлерін көрсете білді.