Архив новостей ОБЩЕШКОЛЬНОЕ РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ Официальные выступления и заявления директора

Выступление на родительском собрании

      

Күн тәртібі:

  1. 2025-2026 оқу жылының негізгі міндеттері.Директордың орынбасары О.К.Садвокасова

2.Мектептің ішкі ережесі  26- бұйрықпен таныстыру. Директордың орынбасары О.К.Садвокасова

  1. «Мектепке жол» акциясы-«Қауіпсіз мектеп» акциясы.Баяндайтын: әлеуметтік педагог А.Т. Төкішева
  2. «Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам  тәрбиелеу»  АПҚО   жетекшісі А.Б.Сағынтай
  1. Основные задачи учебного года 2025-2026.
  2. Ознакомление с внутренними правилами школы по приказу № 26.
  3. Акция «Дорога в школу» — акция «Безопасная школа». Төкішева А.Т.
  4. Руководитель АПҚО; Сагинтай А.Б.

      

        Тема: «Цели и задачи на новый учебный год»

                                           Уважаемые родители!

Сегодня мы собрались, чтобы обсудить важные вопросы, касающиеся начала нового учебного года. Каждый год мы ставим перед собой цели и задачи, которые помогают нам строить образовательный процесс более эффективно и в интересах наших детей.

Прежде всего, главная цель нашей школы остаётся неизменной — создание условий для всестороннего развития личности каждого ребёнка, его успешной социализации и подготовки к жизни в современном обществе.

В новом учебном году мы определяем несколько приоритетных задач:

Образовательная задача.
Мы будем продолжать формировать у детей знания, умения и навыки в соответствии с требованиями, уделяя особое внимание развитию самостоятельности, коммуникативных умений и практических навыков.

         Коррекционно-развивающая задача.
Особое внимание будет уделяться развитию речи, мышления, памяти и внимания детей. Мы планируем активнее использовать игровые технологии, коррекционные упражнения, специальные методики обучения, чтобы помочь каждому ребёнку раскрыть свои возможности.

Воспитательная задача.
Важным направлением работы станет формирование нравственных ценностей, культуры поведения, уважения к окружающим, а также привлечение детей к участию в культурных, спортивных и творческих мероприятиях.

Работа с родителями.
Мы понимаем, что успех ребёнка во многом зависит от сотрудничества семьи и школы. Поэтому мы будем укреплять наше взаимодействие: проводить консультации, совместные мероприятия, привлекать родителей к проектам и акциям.

Создание комфортных условий.
Продолжим работу по укреплению материально-технической базы школы, развитию цифровой среды, улучшению условий для обучения и воспитания детей.

                                                   Дорогие родители!
Только совместными усилиями мы сможем достичь поставленных целей. Наши дети нуждаются в поддержке, внимании и заботе как со стороны педагогов, так и со стороны семьи. Я призываю вас активно участвовать в жизни школы, сотрудничать с педагогами, помогать своим детям. Пусть новый учебный год станет для нас временем роста, успехов и радостных событий!

Спасибо за внимание!

 

                                    «Мектепке жол» акциясы

 

Құрметті ата-аналар!

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің ең басты құндылығы. Балалардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Осыған байланысты 2025–2026 оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясы «Жақсылық жасап жарысайық» ұранымен өткізілді.

Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік жағдайға байланысты оқушылардың мектепке бармауының алдын алу.

Акция аясында:

  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылар анықталып, оларға жыл бойы қолдау көрсетілді;
  • Демеушілерді тарту үшін бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жолданып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

? Жағымды жақтары

  1. Әлеуметтік қолдау
  • Аз қамтылған, көпбалалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға нақты көмек көрсетіледі.
  1. Білімге қолжетімділік
  • Оқушылардың мектепке бармауына кедергі болатын әлеуметтік қиындықтардың алдын алады.
  1. Әлеуметтік теңдік
  • Балалардың бәріне мектепке бірдей дайындалуға мүмкіндік береді (форма, құрал-жабдық, аяқ киім т.б.).
  1. Қоғамдық бірлік
  • Мемлекет, бизнес өкілдері, жеке тұлғалар және ата-аналардың бірлесіп, ортақ іске атсалысуына жағдай жасайды.
  1. Мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу
  • Жақсылық жасау, қолдау көрсету арқылы балалар мен ересектерде адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
  1. Ұзақ мерзімді қолдау
  • Акция тек бір реттік шара емес, жыл бойы жалғасып, оқушыларға тұрақты көмек көрсетуге бағытталады.
  1. Сабаққа қатысуға ықпал
  • Қажетті оқу құралдары бар балалар сабаққа тұрақты қатысады.

Біз «арнайы мектеп-интернаты» болғаннан кейін бізде жалпы білім беретін мектептердегіндей жалпыға бірдей білім беру қоры қызмет етпейді. Сондықтан демеушілерді көмекке тартуға тура келеді.

Демеушілердің көмегі:

  • «Коунрад» корпоративтік қоры – 2 көпбалалы отбсынан шыққан оқушыға және 1 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыға  195 000 тг көлемінде көмек көрсетті;
  • «Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС – 2 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 144 850 тг сомасында көмек көрсетті;
  • «ЗОЦМ» АҚ – 3 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға 132 520 тг көлемінде мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын сыйға тартты;
  • Жеке тұлға Самат Шаяхметович және жеке кәсіпкер «ИП Курякин Михаил» – 2 отбасына 30 000 тг көлемінде қаржылай қолдау көрсетті;
  • «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамының Балқаш өңірлік филиалы – кеңселік тауарлар салынған 10 сөмке табыстады.

Құрметті ата-аналар, осы тұста тағы бір маңызды мәселеге тоқталғымыз келеді –  «Мектепке жол» акциясы ол оқушылардың сабаққа қатысуына да тікелей жағдай жасауда. Сабаққа тұрақты қатысу – білім сапасының кепілі. Бір күндік сабақ қалдырудың өзі үлгерімге айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан әрбір балаңыздың күнделікті сабаққа уақытылы келуін қадағалауларыңызды сұраймыз. Сабаққа қатыса алмайтын жағдайда немесе басқа да себептермен мектеп басшысына міндетті түрде өтініш жазуға керек. Алдын ала сынып жетекшілеріңізді хабардар етулеріңіз сұралады.

? Үй мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен бақылау ғана баланың жарқын болашағына жол ашады. Болашақта жаңа демеушілер іздеп, олармен біріккен жұмыстар жүргізу жоспарымызда бар. Жақсылық жасау – адамгершіліктің ең асыл көрінісі.  Осы жолда барлығымыздың атсалысуымыз балаларымыздың болашағына қосқан үлкен үлес болмақ.

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының №1 хаттамасы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Өткізу күні: 2025 жылдың 26 қыркүйегі
Өткізу уақыты: 15:30
Өткізу орны:  акт залы
Қатысқандар: Ата-аналар, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі
Төрағалық етуші: ДТІЖО Г.Д. Тастанбекова
Хатшы: А.Т. Төкішева

Күн тәртібі:

  1. 2025-2026 оқу жылының негізгі міндеттері туралы
  2. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен (№26 бұйрық) таныстыру
  3. «Мектепке жол» және «Қауіпсіз мектеп» акциялары туралы

Жиналыс барысы:

  1. 2025-2026 оқу жылының негізгі міндеттері туралы
    Баяндамашы: директордың міндетін атқарушы – О.К. Садвокасова

О.К. Садвокасова жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Атап айтқанда:

  • Оқу сапасын арттыру;
  • Оқушылардың тәртібіне, қауіпсіздігіне баса назар аудару;
  • Мұғалім-оқушы-ата-ана байланысын нығайту;
  • Саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды күшейту.

Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды, ұсыныстар айтылды.

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен (№26 бұйрық) таныстыру
    Баяндамашы: директордың міндетін атқарушы – О.К. Садвокасова

Мектептің ішкі тәртіп ережелерін таныстырып өтті.

  • Оқушылардың мектеп формасын сақтау тәртібі;
  • Ұялы телефонды қолдану шектеулері;
  • Сабаққа кешікпеу, сабақ босатпау мәселелері;
  • Мектеп аумағындағы тәртіп сақтау талаптары.

Ата-аналар ережемен танысып, қолдау білдірді.

  1. «Мектепке жол» және «Қауіпсіз мектеп» акциялары туралы
    Баяндамашы: әлеуметтік педагог – А.Т. Төкішева

А.Т. Төкішева «Мектепке жол» акциясының мақсатымен таныстырды:

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету;
  • Қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында атқарылатын жұмыстар айтылды:

  • Оқушылардың мектепке қауіпсіз келіп-кетуі;
  • Интернет пен әлеуметтік желі қауіпсіздігі;
  • Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.

Ата-аналар тарапынан қолдау көрсетілді, кейбір ата-аналар көмектесуге ниет білдірді.

Қаулы:

  1. 2025-2026 оқу жылындағы мектептің негізгі бағыттары ата-аналарға жеткізілді.
  2. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен ата-аналар танысты, қолдау білдірді.
  3. «Мектепке жол» және «Қауіпсіз мектеп» акцияларын өткізу барысында ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізілсін.

Жиналыс төрағасы: ____________________ Г.Д. Тастанбекова
Хатшы: ____________________ А.Т. Төкішева