«Қамқор» жобасы аясында қарт кісілерге көмек
Мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында қарт кісілерге арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында ізгілік, мейірімділік және үлкенге құрмет көрсету қасиеттерін қалыптастыру.
Акцияға белсенді түрде жоғары сынып оқушылары қатысты.Оқушылар өз қолдарымен шағын сыйлықтар дайындап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.Әрбір бала өз жүрегінің жылуын сыйға тартып, үлкендердің көңілін қуанышқа бөледі.Сонымен қатар, жылы сөйлесіп, көңіл бөлудің өзі қарттарға ерекше қуаныш сыйлады.
Қарт кісілер оқушылардың ықыласына риза болып, алғыстарын айтты. Осындай кездесулер арқылы оқушылар қамқорлықтың қадірін түсініп, адамгершілік пен сыйластықтың мәнін ұғынды.
«Қамқор» жобасы оқушыларды тек еңбексүйгіштікке ғана емес, рухани бай, жанашыр тұлға болып қалыптасуға тәрбиелейді.Мұндай іс-шаралар мектеп өмірінде дәстүрге айналып, оқушыларды жақсылық жасауға және айналасындағы адамдарға жылулық сыйлауға баулиды.
Қарттарымыздың ақ батасы мен ризашылық сөздері – атқарылған істің ең үлкен бағасы. Бұл акция дәстүрлі түрде жалғасын тауып, әр буынға үлгі боларлық игі іс ретінде ұйымдастырылып келеді.
https://www.instagram.com/p/DQJciZNisCu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==