06.11.2025 ж. 1 «Б» сыныбында «Ертегі кейіпкерлерінің құқықтары мен міндеттері» — ертегілер еліне саяхат атты тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға ертегі кейіпкерлері арқылы адам құқықтары мен міндеттері жөнінде түсінік беру, өз құқықтарын қорғауға және өзгелердің құқығын құрметтеуге үйрету болды.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, олардың жақсы және жаман істерін талқылады. Ойындар және сұрақ-жауап арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.Тәрбие сағаты қызықты әрі танымды өтті. Оқушылар адамгершілікке, әділдікке және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырылды.
https://www.instagram.com/p/DQveWkkilW4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==