? *Буллинг жағдайы: Агрессор, Куәгер және Жәбірленуші*
?14 қараша күні 8-10 сыныптар оқушыларының қатысуымен әлеуметтік педагогпен өте маңызды кездесу өтті!
Кездесу барысында оқушыларға буллингтің салдары, рөлі мен жауапкершілігі туралы түсіндіру мақсатында *арнайы бейнеролик көрсетілді*. Бейнематериал арқылы балалар нақты өмірден алынған жағдайларды көріп, әр рөлдің психологиялық және әлеуметтік әсерін тереңірек түсіне алды.
Сонымен қатар:
? *Агрессордың* әрекеті мен оның себептері;
? *Куәгердің* дұрыс реакциясы және оның маңызы;
? *Жәбірленушіні* қорғау жолдары талқыланды.
Кездесу оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуіне, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және буллингтің кез келген түріне қарсы тұрудың маңыздылығын түсінулеріне ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DRCQkLqili7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
