04.12.2025 ж. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай кітапханада қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, Шоқантанушы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы орта және жоғары сынып оқушыларына таныстырылым өткізілді.Қазақ халқының бетке ұстар ақын-жазушылары жайлы көптеген ізденіс еңбектері насихатталды. Оқушыларға С.Бегалиннің 130 жылдығына орай дайындалған кітап және фотокөрме таныстырылып, жазушының қандай шығармаларды халыққа жеткізгені жайлы ақпарат берілді. Балаларға сұрақтар қойылып, кері байланыс жүргізіліп, алған мәліметтерін есте сақтауға ықпал ету көзделді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DR1Vh33CuIB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
