09.12.2025ж. мектептің 6–10 сынып оқушыларымен «Заң және жасөспірім» тақырыбында мектеп психологы: Г.Т. Тұрысбек тәрбие сағатын өткізді. Сабақ шағын топтар форматында ұйымдастырылып, оқушылармен еркін пікір алмасуға, сұрақ қоюға және өмірлік жағдайларды талқылауға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде ақпарат алды. Құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, қоғамдағы заңдардың рөлі сияқты маңызды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі жағдайлар талданды, дұрыс шешім қабылдау жолдары түсіндірілді.
Мақсаты:
– жасөспірімдерге заң талаптарын дұрыс түсіндіру;
– жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
– қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету;
– құқықтық мәдениетін көтеру.
Осындай кездесулер оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға бағыт береді. Құқықтық сауаттылықты арттыру жасөспірімдердің қоғамда белсенді, жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DSCsKx8isoD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
