Педагог-психолог Төлеген П.К. ұйымдастыруымен өткізілген «Көңіл-күй» тренингінің мақсаты:
Оқушылардың эмоционалдық жағдайын тану, өз көңіл күйін сөзбен, түспен және бейнемен жеткізе білуге үйрету, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыру.
Нәтижелері мен әсері:
Тренингке қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өз көңіл күйлерін ашық айтып, бір-бірін тыңдап, түсінуге тырысты. Оқушылар:
— Көңіл күйді бейнелеу мен сипаттаудың жаңа тәсілдерін үйренді
— Эмоцияларын еркін білдіруде сенімділік арттырды
— Басқа оқушылардың сезіміне түсіністікпен қарауға тырысты
— Позитивті ортада жағымды көңіл күймен шықты
Оқушылардан алынған ауызша кері байланысқа сәйкес, тренинг олар үшін қызықты, пайдалы әрі жағымды өткен, тіпті кейбір оқушылар алған әсерінен ішкі жан тебіренісіне ерік беріп, көздеріне жас алды. Көңіл күйді басқарудың қарапайым жолдарын түсініп, өзара қарым-қатынаста қолдануға ниет білдірді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DSZpQ12Cvhm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==