«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Смарт бала» жобасы бойынша орта буын сыныптары арасында “Жедел қызмет нөмірлері” тақырыбында дефектолог Жакупбекова Г.Д- ның ұйымдастыруымен қауіпсіздік сабағы өтілді. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету және маңызды байланыс нөмірлерін есте сақтаудың қажеттілігін түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар 101 (өрт сөндіру қызметі), 102 (полиция), 103 (жедел жәрдем) және 112 (төтенше жағдайлар қызметі) сияқты шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлерімен танысты. Сондай-ақ, сенім телефондары туралы ақпарат беріліп, олардың қиын жағдайға тап болған адамдарға қалай көмектесетіні түсіндірілді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/p/DT996hhCk4O/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==