Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай №10 арнайы мектеп-интернатында орта буын сынып оқушыларымен «Қазақстан картасы» тақырыбында «Саяси-таным сағаты» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, тарихшы, фольклортанушы, этнограф, географ, ағартушы, демократ екендігін таныстыру, оның ғылымдағы орны мен қазақ халқы үшін сіңірген еңбегін насихаттау болды.
Шоқанның жақын досы Г.Н. Потаниннің: «Шоқан қазақ халқы үшін Еуропаға ашылған терезе іспетті болды» деген пікірі айтылып, ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектеріне кеңінен тоқталынды. Атап айтқанда, Шоқан Уәлихановтың картаға қатысты жасаған сапарлары, тарихи жерлер мен шекаралық бағыт-бағдарларды сызба түрінде дәл бейнелеп отырғаны, оның ерекше қабілеті, ізденімпаздығы мен талапшылдығы туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, Шоқанның өз заманында еңбегі жоғары бағаланып, губернатор жанында поручик әскери атағы берілгені жөнінде айтылды. Іс-шара барысында Қазақстан картасы көрсетіліп, Шоқан Уәлиханов туралы жазылған кітаптарға шолу жасалды.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын білдірді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DUaR5xBihDY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==