Новости

«Ардагерлер қол өнер шығармашылығы»

Балқаш қаласының  ардагерлер кеңесінің  ұйымдастырумен дайындалған үлкен шығармашылық көрмеге  №10  Арнайы мектеп интернатының  10«б» сынып оқушылары  Есенгелді Жібек ұстаздарымен барып көріп, көзайым болып қайтты.
Бұл шығармашылық көрменің негізгі мақсаты ұлттық қол өнерден нәр алу.еңбектің зейнетін көрген ардақты ардагерлердің болашақ өсіп келе жатқан жастарға үлгі болуы. Зейнеткерлердің өмірден тек жақсыны көріп, оны тереңдете  шығармаларымен көрсетіп қызықтыра білуІ. Дәстүрлі қол өнер шеберлерінің туындыларын халық арасында кеңінен таныту болды
Әсіресе жастардың ізденімпаз,арманшыл,ой өрісі мен тынысы,фантазиясының өсуіне,әдеміні көріп жалындауына септігін тигізетін тамаша туындылары  дәлел  болды. Бұндай көрме дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оны ұйымдастырып,көрермен көзайымын,алғысын алушы Осы калалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманов Тайтөлеу Ақтайұлы, Алимбетова Шолпан Нурмыхановна, Түсіпбекова Қарлығаш Молдабекқызы және бастапқы мекемелерден Ногаева Гания Жанасовна өз үлестерін қосты.
Бұл көрмеге   36 ардагер қатысып  250 ден астам экспонат қойылған екен. Атап өтсек, Бастапқы ұйымдардан Сахно К.Н. Білім қоғамының  лекторы болған, Кітапханашылар Мажманова Забира ,ГуляеваН.Искакова Р, Милишенко Н. Жихаз фабрикасында жұмыс істеген, білім саласынан Верешагин В. тағы көптеген ардагерлер осы іс шараға ат салысты.

№ 10 Арнайы мектеп
интернатының кітапхана
меңгерушісі
Искакова Р.Г.