Новости

«Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда»

әрбие жұмысының жоспары бойынша 5 «Б» сыныбында «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Өткізген: Акторгаева Г.Ж
Оқушылар адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсініп, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізгі талаптарын үйренді.
Тәрбие сағатының барысы шаттық шеңбермен басталып жұмбақ шешілді. Анимациялық фильм көрсетіліп балалар ойларына не түйгендерін айтты. Мектепке саяхат бөлімінде слайдтық презентациямен мектептегі сауықтыру орындары көрсетілді. Денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітті.