02.03.2026 ж. мектебімізде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіз әрекет ету тәртібін түсіндіру, эвакуациялау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеру болды.
Жаттығу барысында шартты түрде өрт дабылы беріліп, барлық оқушылар мен қызметкерлер бекітілген эвакуациялық жоспарға сәйкес ғимараттан қауіпсіз аймаққа шығарылды. Сынып жетекшілері оқушыларды ұйымдасқан түрде алып шығып, түгелдеу жұмыстарын жүргізді. Мектеп әкімшілігі эвакуациялау барысын бақылап, тәртіп пен уақыттың сақталуын қадағалады.
Жаттығу белгіленген талаптарға сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізілді. Қатысушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритмі еске салынды.
Жалпы эвакуациялық жаттығу өз мақсатына жетіп, жоспарға сай өткізілді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DVXxyacimz0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
