Внекласные мероприятие Новости

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Ұлттық өнер көрмесін» тамашалау

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, 10.03.2026 жылы 1 «А» және 2 «А» сынып оқушылары мектеп мұражайына, этнозалға барып, «Ұлттық өнер көрмесін» тамашалады.
Көрме барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен қолөнер туындыларымен танысып, олардың жасалу ерекшеліктері мен маңызы туралы мағлұмат алды. Балалар ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды көріп, ұлттық өнердің әсемдігі мен терең тарихын сезінді.
Әрбір бұйым халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, шебер қолөнершілердің таланты мен еңбегін паш етеді. Осындай танымдық саяхат жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұрамызды құрметтеуге тәрбиелейді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DVsm4jxiV1h/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==