Новости

Наурызнаманың онкүндігі аясындағы «Қайырымдылық» күніне орай концерттік бағдарлама

12.03.2026 ж. Наурызнаманың онкүндігі аясындағы «Қайырымдылық» күніне орай Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы мен мектеп оқушылары игі іске атсалысып, концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.Бұл күні ұжым мен оқушылар қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттап, қамқорлық пен жанашырлықтың маңыздылығын көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ізгі ниетпен ұйымдастырылған шара арқылы айналасына қуаныш пен шаттық сыйлады.Осындай игі бастамалар оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, қоғамға деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

https://www.instagram.com/p/DVyJ4RpiuQx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==