Новости

Назарыңызға ЖАҢА ҚЫЗЫҚТЫ КІТАПШАЛАР

№10 Арнайы мектеп интернаттың оқушыларының назарына «ЖАҢА КІТАПТАР» көрмесі дайындалды. Көркем безендірілген тамаша кітаптарды қызықтап,балалар жаздыртып алуда. Ұстаздар да қуана- қуана оқушыларына алып жатыр.
Білуге құмарлық, көруге ынтық болу бала атаулының болмысына тән қасиет. Сондықтан бала ; «Анау не ?,» , «Мынау не ?», Қайда? деген сан алуан сұрақтар қойып, оның жауабын алғанша асығады ғой. Міне, осы сұрақтаарға жауап беретін танымдық кітаптар топтамасы бала мен ата- ана үшін өте пайдалы және көп көмек беретін құралдар келіп түсті. Осы 2022 жылы балаларға арналған көркем әдеби кітапшалар, ертегілер АЛМАТЫның «АРУНА» баспасынан, Москва «Малыш» баспсынан т.б. баспалардан 48 дана келсе 3 данаcы әр саладан болды. Барлық келіп түскен кітап саны 51 дана, құны 90000 (Тоқсан мың) теңгеге облыстан бөлінген қаржыға алынды.
«Ертексіз өскен бала рухани мүгедек адам» деген екен Бауыржан Момышұлы. Ендеше балаларымызға ертегі оқып беріп, танымын байытып,қол ұшін беруге асығайық құрметті көпшілік,әсіресе жас ата-аналар,ұлағатты ата әжелер!

№10 Арнайы мектеп интернатының кітапханашысы