Новости Родителям

Наурыз мерекесіне орай ата-аналарға арналған мерекелік концертпен «Мейірімді жүрек» атты ашық есік күні

13.03.2026 ж. мектеп-интернатымызда Наурыз мерекесіне орай ата-аналарға арналған мерекелік концертпен «Мейірімді жүрек» атты ашық есік күні өткізілді.
Отырыс барысында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, келесі мәселелер қарастырылды.
Отырыс күн тәртібі:
1. «Корь, значение вакцинации» тақырыбындағы баяндама.
Баяндамашы: дәрігер Клюнников С.В.
2. Жасөспірім кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері туралы баяндама.
Баяндамашы: мектеп психологы Тұрысбек Г.Т.
3. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу жөніндегі шараларды қарастыру.Баяндамашы: әлеуметтік педагог Төкішева А.Т.
4. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының қызметі туралы ақпарат.
Шараға ата-аналармен қатар Қамқоршылар кеңесінің мүшелері де қатысып, мектеп ұжымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.#oqu_agartu_ministrligi #umckrg #біртұтас_тарбие #адалазамат

https://www.instagram.com/reel/DV3bRYbimFA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==