Новости

Бүгін – 21 наурыз, Ынтымақ күні!

Бүгін – 21 наурыз, Ынтымақ күні!
Бұл күн – татулық пен бірліктің, достық пен өзара құрметтің мерекесі. Ынтымақ күні адамдарды бір-біріне жақындастырып, ұлттар мен ұлыстар арасындағы сыйластықты нығайтуға үндейді.
Осы атаулы күні білім ордамызда түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылып, достық пен келісімнің құндылығы насихатталды.
Ынтымақ бар жерде – береке бар! Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!
#наурызнама
#ҰлыДалаНаурызы
#біртұтас_тәрбие
#адал_азамат

https://www.instagram.com/p/DWJdGQGiiro/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==