Новости

арағанды облысы білім басқармасының «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу мақсатында қалалық семинар

2026 жылғы 26 наурыз күні Қарағанды облысы білім басқармасының «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу мақсатында қалалық семинар өткізілді.
Іс-шараға инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары мен тәрбиешілері қатысты. Семинар қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелермен алмасу, педагогтер арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық топ қалыптастыру болды.
Іс-шараның ұйымдастыру кезеңінде қатысушылар тіркеліп, семинар жұмысына дайындық жүргізілді. Ақпараттық секция барысында қатысушыларға арналған тренинг өткізіліп, «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жан-жақты таныстырылды.
Семинар аясында бірқатар өзекті тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, буллинг және кибербуллингтің алдын алу шаралары, білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы ұлттық ойындардың рөлі, «Өнегелі 15 минут» тәрбие жұмысының маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар тәрбие сағаттарында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің заманауи әдіс-тәсілдері мен жасанды интеллект технологияларын қолдану ерекшеліктері бойынша тәжірибелік жұмыстар ұсынылды.
Педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдістер мен инновациялық тәсілдерді ортаға салды. Қатысушылар тарапынан белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.
Семинардың қорытынды бөлімінде рефлексия жүргізіліп, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар «Ақсүйек» ұлттық ойыны негізінде викторина ұйымдастырылып, іс-шара мазмұны қызықты әрі мазмұнды түрде қорытындыланды.
Қорытындылай келе, аталған семинар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және «Адал азамат» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DWYK5kFCXSY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==