Внекласные мероприятие Новости

«Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында ата-аналарға арналған шеберлік сынып сағаты

06.04.2026 жылы 3 және 4 сыныптар арасында «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында ата-аналарға арналған шеберлік сынып сағаты өтті.Мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру, сондай-ақ оларды күнделікті өмірде қолданудың тиімді жолдарын көрсету.
Шара барысында ұлттық тәрбиенің негіздері, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлер мен ұстанымдар, сондай-ақ балалармен қарым-қатынас жасау тәсілдері талқыланды. Ата-аналарға ұлттық құндылықтарды бала тәрбиесіне енгізудің түрлі әдістері ұсынылды.Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу арқылы бір-бірінен жаңа білім мен дағдылар алды. Ата-аналардың белсенді қатысуы мен қызығушылығы шараның нәтижелілігін арттырды.
Осылайша, шеберлік сынып ата-аналардың ұлттық құндылықтарды түсінуі мен оларды балаларымен бірге тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/p/DWybjC7Cl-A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==