08.04.2026ж «№10 арнайы мектеп-интернаты» кітапханасында 8 «А» сыныбымен «Өміріңді өзгертетін кітаптар» тақырыбында танымдық әңгіме сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітап көрмесі таныстырылып, оқушыларға Абай, Ыбырай, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ білімге құштар тұлғалар – Абай, Ломоносов, Н.Островский кейіпкерлері мен Бауыржан Момышұлының ерлігі мен қайсарлығы үлгі ретінде айтылды.
Қазіргі заманға сай «Сенің алғашқы миллионың», «Супер қыз» сияқты кітаптар арқылы адалдық, еңбекқорлық және білімге ұмтылу құндылықтары насихатталды. Іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға ықпал етті.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/p/DW5mGmaCnGn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==