Внекласные мероприятие Новости

“QR код арқылы білім алу” тақырыбында тәрбие сағаты

«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Смарт бала» жобасы бойынша орта буын сыныптары арасында “QR код арқылы білім алу” тақырыбында дефектолог Жакупбекова Г.Д мен Темирбаева М.Ж — ның ұйымдастыруымен тәрбие сағаты жүргізілді. Сабақтың басты мақсаты – QR код технологиясымен таныстыру және оны білім алуда тиімді пайдалана білуге үйрету. Тәрбие сағаты барысында, оқушылар QR кодты пайдалану арқылы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тамашалап, биыл жылқы жылы болғандықтан, қасиетті жануар жайлы QR код арқылы толық мағлұмат алды. Сонымен қатар ұлттық музыкалық аспаптардың дауысын тыңдау арқылы тәрбие сағаты қорытындыланды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DW8BfMlCakw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==