13 сәуір 2026 жылы «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықтарын және оқу бағдарларын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі мен оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Тәрбие сағатында әртүрлі мамандықтардың маңыздылығы, талаптары мен мүмкіндіктері жайында ақпарат берілді.
Оқушылар мамандықтар туралы қызықты мәліметтермен танысып, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықтарды таңдауға бағыт алды. Шара барысында мамандардың өмірлік тәжірибелерімен бөлісуі, оқушылардың сұрақтарына жауап беруі ұйымдастырылды.Нәтижесінде, оқушылар мамандық таңдаудағы жауапкершілікті сезініп, болашақта өздеріне лайықты жолды таңдау үшін қажетті ақпарат алды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/reel/DXEc7TeiXx1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==