Новости Сведения о проектах целевых програм и концепций

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық тәжірибе алмасу семинары

2026 жылғы 17 сәуірде Қарағанды облысы білім басқармасының «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Аталған іс-шара арнайы және жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналды.
Семинардың тақырыбы: «Қамқор — мейірімділік пен қолдаудың мекені». Іс-шараның мақсаты – «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Қамқор» жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісу, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбие жұмысындағы тиімді әдістерді насихаттау.
Семинар бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды. Ұйымдастыру бөлімінде қатысушылар тіркеліп, «Өнерлі өрге жүзер» атты сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдарының көрмесі ұсынылды.
Пленарлық мәжілісте «Қамқор» жобасының мазмұны мен маңызы, оны білім беру үдерісінде жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, «ЖИ — педагогтың көмекшісі» тақырыбында инновациялық тәжірибе ұсынылды.
Панорамалық сабақтар мен шеберлік сағаттары барысында педагогтар түрлі бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, волонтерлік жұмыс, арнайы мамандардың түзете-дамыту қызметі, экологиялық тәрбие, гидропоника әдісі арқылы өсімдік өсіру, табиғатты зерттеу бағытындағы жобалар таныстырылды.
Коворкинг бөлімінде қатысушылар топтық жұмыс арқылы «Мейірімділік апталығының» жоспарын құрастырып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, заманауи тәсіл – промпт үлгісін пайдалану арқылы жобалық жұмыстар әзірленді.
Аналитикалық-рефлексиялық бөлімде «Жастар» үгіт тобының жұмысы ұсынылып, «Таланттар әлемі» концерттік бағдарламасы көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар рефлексия жасап, өз пікірлерімен бөлісті.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін тәжірибелік маңызы зор алаң болды. Педагогтар өзара тәжірибе алмасып, тәрбие жұмысын жетілдіру бағытында жаңа идеялар алды.
Бұндай тағылымды шаралар — білім мен тәрбиені ұштастырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі болмақ.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DXVp1vjCenu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==