Внекласные мероприятие Новости

«Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында тәрбие сағаты

21.04.2026 ж. 1 «Б» сыныбында «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңызын түсіндіру, оны күтіп ұстауға, қорғауға және ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері түсіндіріліп, мектеп мүлкін, кітаптарды, ойын алаңдарын және басқа да ортақ заттарды бүлдірмеу туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу және мысалдар арқылы балалардың тақырыпты түсіну деңгейі арттырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DXZL4joCSBV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==