22.04.2026ж. «Қалаға қажетті мамандықтар» тақырыбында қызықты әрі танымдық психологиялық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сабақ барысында оқушылар қала өміріне қажетті түрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы мәлімет алды.
Оқушылар өз армандаған мамандықтары туралы әңгімелеп, не себепті сол мамандықты таңдағандарын түсіндірді. Әртүрлі ойындар, тренингтік жаттығулар мен сұрақ-жауап арқылы балалардың белсенділігі артып, ойлау қабілеттері дамыды.
Жалпы, психологиялық сағат мазмұнды, қызықты өтіп, оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлады және олардың болашаққа деген сенімін арттыруға ықпал етті.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DXbGnBACnxK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==