22.04.2026 ж. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында мектептің өзін-өзі басқару штабы мектеп ауласын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу болды. Акция барысында оқушылар мектеп аумағын тазалап, қоқыстарды жинады, гүлдер мен ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысты, аула аумағын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Өзін-өзі басқару штабының мүшелері ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді. Оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.
Аталған шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке баулуға, ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға оң әсерін тигізді. Жалпы, акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
#АдалАзамат #тазақазақстанэкологиялықакциясы
#біртұтастәрбие #ТабиғатқаҚамқорлық
https://www.instagram.com/reel/DXbe4pViZel/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==