Внекласные мероприятие Новости

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында 9 «А», 10 «А» сыныптарында «Үнемді тұтыну» тақырыбында тәрбие сағаты

23.04.2026 ж. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында 9 «А», 10 «А» сыныптарында «Үнемді тұтыну» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға суды, электр энергиясын және табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға ресурстарды үнемдеудің жолдары түсіндіріліп, тұрмыста суды және электр қуатын тиімді пайдалану туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау, үнемшілдікке баулу жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Шара соңында оқушылар үнемді тұтыну – болашақты қорғаудың маңызды қадамы екендігін түсініп, күнделікті өмірде ресурстарды ұқыпты пайдалануға шақырылды.
#АдалАзамат #тазақазақстанэкологиялықакциясы
#біртұтастәрбие #ТабиғатқаҚамқорлық

https://www.instagram.com/reel/DXeT8qZCVNd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==