23.04.2026 ж.Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына», «Құндылықтар – отбасы бақытының негізі» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – отбасыдағы ұлттық және рухани құндылықтардың маңызын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту болды.
Іс-шара барысында:
– отбасы құндылықтары туралы мазмұнды баяндама жасалды;
– ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылды;
– тәрбиелік мәні бар жағдаяттар талқыланды;
– топтық жұмыстар мен тренинг элементтері жүргізілді.
Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отбасы тәрбиесіндегі тәжірибелерімен алмасты. Жиналыс жылы әрі ашық форматта өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/reel/DXgpEgIib2k/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==