Заң және Тәртіп — Адал азаматтың тірегі!
28 сәуір күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» принципін ілгерілету мақсатында маңызды іс-шара өтті. *5-9 сынып оқушыларының* назарына өзекті мәселелерді арқау еткен «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдері ұсынылды. ?
Бұл фильмдер жасөспірімдерге «оңай ақшаның» соңы — ауыр қылмыс екенін және бір сәттік бұзақылық бүкіл болашаққа балта шабатынын шынайы көрсетті.
Көрсетілімге мектеп әкімшілігі, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Фильмнен кейін 5-9 сынып оқушыларымен ашық пікірталас өткізіліп, балалар заң алдындағы жауапкершілік туралы сұрақтарына нақты жауап алды. ?
*Біздің ұстанымыз:* Заңды құрметтеу — әрбір адал азаматтың парызы! ??
#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықТәрбие #МектепТынысы #5_9сынып #Профилактика #ТәртіпПенЗаң
https://www.instagram.com/reel/DXtLh6oCahz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==