30.04.2026 ж. Мектеп кітапхангасында «Тамыры терең тарихы бар» атты «Ғажайып алаң» танымдық іс-шарасы өткізілді. Аталған шараға 8–10 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар мамыр айында атап өтілетін мерекелер туралы білімдерін ортаға салып, олардың шығу тарихы мен әр мерекенің ерекшеліктерін жан-жақты баяндап берді. Сонымен қатар, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген батырлар туралы өз ойларын білдіріп, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегін ерекше құрметпен атап өтті.
Қатысушылар халқымыздың батырлары достықтың, ерліктің, отансүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсеткенін мақтанышпен жеткізді. Олар бүгінгі бейбіт өміріміздің батыр бабаларымыздың батылдығы мен қайсарлығының арқасында қалыптасқанын түсінетіндерін көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар Отанды қорғау, елге адал қызмет ету, білімді, алғыр және жан-жақты дамыған тұлға болу қажеттігін ұғынғандарын байқатты. Сонымен қатар, кітапханада ұйымдастырылған көрмелердің оқушылардың білімін толықтыруға, ой-өрісін кеңейтуге және танымдық қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал ететіні атап өтілді.
Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға қызығушылықпен, жарыса жауап беріп, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DXwPNvyCtXj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==